«Электромобильдің зиянсыз екендігі – ЕҢ СОРАҚЫ ӨТІРІК» - ҒАЛЫМДАР

0
2 998

Электромобильдер әзірге теориялық тұрғыдан ғана кемшіліксіз болып тұр.


«Электромобильдің зиянсыз екендігі – ЕҢ СОРАҚЫ ӨТІРІК» - ҒАЛЫМДАР

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Автокөлік жүргізушілері осы уақытқа дейін не үшін электромобильдерге жаппай көшпей жүргенін білесіз бе? Оның бірнеше себебі бар.

Әрине, қазір жанармаймен жүретін көліктен электромобильге ауысу ең өзекті тақырыптардың бірі. Өйткені, көліктің жаңа түрі экологиялық тұрғыдан таза, тыныш әрі сенімді техника ретінде аталып жатыр. Сондай-ақ, оларға күрделі қозғалтқыш қажет емес, аз бөлшектермен жабдықталған және атмосфераны аз ластайды. Бірақ, бұл тек теория жүзінде көрінеді. Енді, тақырыпқа сай, электромобильдердің кемшіліктерін атап өтейік.


Қуат қоры

Әлемдік орташа көрсеткішке сәйкес, электромобильдер толық қуатпен 320 шақырым жүре алады екен. Яғни, автомобиль неғұрлым арзан болса, соғұрлым толық қуаты жететін қашықтық та қысқа болады. Демек, қуат қоры – бұл көліктердің басты кемшілігі.


Сондай-ақ, мұндай көліктердің қуатына ауа-райы мен жыл мезгілі де әсер етеді екен. Дәлірек айтсақ, жанармаймен жұмыс істейтін көліктер ыстықта да, аязда да шамамен бірқалыпты жұмыс істесе, жоғары немесе төмен температура электромбильдің жүре алатын километрлерін «жейді» екен. Сондай-ақ, оның жүретін қашықтығына жүктеме, жүргізу стилі және кондиционер де едәуір әсерін тигізеді.


Мысалы, толық қуатпен небары 200 шақырым жүре алатын автокөлік сатып алсаңыз, өте қысқа қашықтыққа ғана сапар шегіп, көлікті үйде немесе жұмыс орнында тағы қуаттауға тура келеді. Тіпті, көршілес қалаларға барып келу қиындап қалады. Себебі, мұндай көліктерді қуаттау қызметі көптеген қалада әлі дұрыс дамымаған.

Қоршаған ортаға әсері

Электромобильдердің артықшылықтары туралы кез-келген пікірталас олардың экологиялық тұрғыдан зиянсыз екені туралы әңгімеден басталады. Кей сарапшылардың сөзіне сүйенсек, бұл қазіргі автомобиль әлеміндегі ең үлкен өтірік екен. Әлбетте, бұл көліктердің құбырынан зиянды заттар шықпайды. Бірақ, автомобильге қолданылатын шиналар қоршаған ортаға зиян тигізеді екен. Ал, электр қуатын өндіру және батареяларды кәдеге жарату атмосфераны одан сайын бұзады екен. Егер электромобиль күн, жел немесе су электр станциясына тікелей қосылмаса, ол қоршаған ортаға теріс әсер ететін көрінеді.


Тағы бір айта кетерлігі – электр энергиясының көп бөлігі табиғи газдан, атом энергиясынан және көмірден өндіріледі. Егер, электромобильге қажетті қуатты өндіру үшін көмір жағу керек болса, айрмашылық болмайды деген сөз.


Сондай-ақ, өндірушілер автомобиль өндірісінде жаңартылатын энергия көздерін көбірек пайдаланады екен. Ал, электромобиль шығару процесінде ішкі жану қозғалтқышы бар көлікке қарағанда көбірек парниктік газдар бөлінетінін бірқатар зерттеулер дәлелдепті.


Батареяларды өндіру үшін өндірушіге литий, никель, кобальт және басқа да металдар қажет. Ал, оларды шығаратын тау-кен өндірісі – әлемдегі ең лас және қауіпті бизнестердің бірі болып саналады.

Өрт қаупі

Электромобильдер мен жанармай тұтынатын көліктерді салыстыра отырып, электромобильдердің өртену қаупі жоғары деп айта алмаймыз. Бұл әр түрлі зерттеулермен бірнеше рет дәлелденген. Бұл тұрғыдағы мәселе – электрлі қозғалтқышы бар көліктердің отын сөндіру тәсілдері. Яғни, бұл көліктер өртенсе, отпен күресудің оңай әрі қолжетімді әдістерін қолдана алмайсыз. Себебі, электромобильдің өртенуін тоқтату үшін оны суға батыру керек. Сондықтан көп жағдайда өрт сөндірушілер электромобиль өртенсе, ішін сумен толтырады және өрттен кейін бірнеше күн бойы басқа көліктерден бөлек ұстайды.


Термиялық үдеткіштің әсерінен электромобильдер соншалықты қарқынды жанады. Бір ұяшық жанса, содан кейін бүкіл құрылым жанғанша отты тоқтата алмайсыз. Отпен күресудің ең оңай әдісі – оттегінің жетуін тоқтату. Бірақ мұндай автомобильдердің аккумуляторы – өзін-өзі қамтамасыз ететін оттегі көзі болғандықтан, бұл әдіс те көмектеспейді.

Стандарттау

Қазір автокөлік өндірушілер жанармай, сутегі және синтетикалық отын жүйелерін дамытуға аз инвестиция салып жатыр. Яғни көптеген компаниялар саясаткерлер берген карталарды қабылдады деген сөз. Бұл инновацияның болмауына және барлық электромобильдердің стандартталуына әкелуі мүмкін. Егер бұл түбегейлі қалыптасса, инженерлерде эксперимент пен шығармашылыққа орын қалмайды. Нәтижесінде, барлық модельдердің батареясы еденде орналасады, ал қозғалтқыш бір, екі, үш немесе төрт қозғалтқышқа айналады.


Бұл жағдайда әлем халқы қуат блоктарының көптеген бірегей нұсқаларын жоғалтады. Айналмалы қозғалтқыш тарих кітаптарында ғана сақталып, W-тәрізді қозғалтқыштар мансабын аяқтауға таяп қалады. Уақыт өте келе орташа қозғалтқыштың орналасуы және толық жетекті механикалық жүйелер де жоғалады. Сосын, барлық көліктер бірдей көрінеді.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


«Тонировканың» ПАЙДАСЫ көп пе, әлде ЗИЯНЫ ма?


Көлікке ҚАНДАЙ БЕНЗИН құйған дұрыс - маңызды 3 кеңес