​"Жауапкершілікті "басқа біреуге" аударуға тырысып жатыр": Зеленский лаңкестікті ұйымдастарды деген Путиннің пікіріне жауап берді

0
1 293

"Олардың әрқашан қолданатын әдісі осы"


​

Фото: Украина президентінің ресми сайты

Украин президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путиннің Мәскеудегі "Крокус Сити холл" концерт залындағы лаңкестік шабуылдағы “украин ізі” туралы айтқан сөздері туралы пікір білдірді, деп жазады Stan.kz.


Зеленский Путинді болған оқиға үшін жауапкершілікті "басқа біреуге" аударуға тырысып жатқанын айтты.

"Олардың әрқашан қолданатын әдісі осы. Қазір де солай істеп отыр. Жарылған үйлерге де, атыс пен жарылысқа да олар әрқашан басқаларды кінәлайды. Қазір Украина жерінде өлтіріліп жатқан жүздеген мың ресейлік сарбаз сол террористерді тоқтату үшін жеткілікті болар еді", – деп жауап берді Владимир Зеленский.


Еске салайық, әлеуметтік желіде Мәскеудегі "Крокус сити холда" теракт ұйымдастырған күдіктіден жауап алу сәтінен видео жарияланды.Күдікті Брянск облысында жасырынбақ болған жерінен ұсталды.