Жасөспірім кішкентай қарындасын терезеден лақтырып жіберді

0
407

Трагедия ата-анасы байқамай қалған кезде болған.


Жасөспірім кішкентай қарындасын терезеден лақтырып жіберді

ERNUR.KZ. Ресей астанасы Мәскеу тұрғыны жаңа туған қарындасын терезеден лақтырып жіберді, деп жазады sputnik.kz.

Қаланың тергеу комитеті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "абайсызда адам өлтіріп алу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"11 шілде күні Левобережная көшесі бойындағы тұрғын үй маңында сәбидің денесі табылды. Ол биіктіктен құлаған", - деді тергеу комитеті.

Алдын ала анықталған ақпарат бойынша анасының өз жұмыстарына көңілі бөлінген сәтте 13 жасар бала сәбимен бір бөлмеде қалып қойған. Жасөспірімнің психикалық ауытқулары болған.

Қазір оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Болған жағдай толықтай зерттелуде. Балалардың ата-анасы мен куәгерлерден жауап алынып жатқаны айтылды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда.