Жапонияда 6 балдық жер сілкінісі болды

0
298

Жерасты дүмпулері ел астанасы Токиода да сезілді.


Жапонияда 6 балдық жер сілкінісі болды

ERNUR.KZ. Жер сілкінісінің эпицентрі Фукусима префектурасының жағалауында шамамен 40 метр жер астында орналасқан, деп жазады inbusiness.kz.

Жапонияның солтүстік-шығысында түнде 6 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері ел астанасы Токиода да сезілді.

Жапон метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, түн ортасынан кейін көп ұзамай Ивате, Мияги және Фукусима префектураларындағы күшті дүмпулер тіркелген.Жер сілкінісінің эпицентрі Фукусима префектурасының жағалауында шамамен 40 шақырым жер астында орналасқан.

Фукусима-1 атом электр станциясы да табиғи апаттың зардап шеккен аймағына кірді, алайда елдің ядролық реттеу басқармасының мәліметі бойынша электр станциясында қирау мен зардап шеккендер тіркелген жоқ.Сондай-ақ, жер асты дүмпулеріне байланысты Жапонияның шығыс теміржол желілерінің бірінде жүрдек пойыздардың қозғалысы тоқтатылды.

Бұған дейін Тайваньның шығыс жағалауында 7,5, 6,6, 6,3 және 6,5 балдық төрт үлкен жер сілкінісі болғаны хабарланған.