​Үндістандағы шіркеуде жарылыс болды

0
4 946

Тағы 23-і жарақат алды.


​Үндістандағы шіркеуде жарылыс болды

ERNUR.KZ. Үндістанның Керала штатындағы шіркеулердің бірінде жарылыс болып, 1 адам қаза тапты, деп жазады 24.kz.

Тағы 23-і жарақат алды.

Оқиға Кочи қаласының шетінде Иегово куәгерлері дінін ұстанушылардың жиыны өтіп жатқан кезде болған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жиынға 2 мыңнан аса адам келген.

Алдын-ала тергеуге қарағанда, қолдан жасалған бомба іске қосылған. Алайда жарылысты кімдер ұйымдастырғаны белгісіз.