Украинадағы соғыс: БҰҰ құрбандар саны туралы соңғы деректі жариялады

0
473

​Украинада соғыс басталғалы бері Ресей әскери күштерінің қолынан 4113 бейбіт тұрғын қаза тапты, тағы 4916 адам жарақат алды.


Украинадағы соғыс: БҰҰ құрбандар саны туралы соңғы деректі жариялады

ERNUR.KZ. Бұл туралы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының 31 мамырдағы есебінде айтылған, деп жазады ulysmedia.kz.

Соғыс құрбандарының ең көп саны – Донецк және Луганск облыстарында. Аталған аймақтарда 2337 адам қаза тауып, 2808 адам жараланды. Елдің өзге аймақтарында 1 776 адам қаза тауып, 2 108 адам жарақаттанған.

Бейбіт тұрғындар арасындағы құрбандардың көпшілігі – ауыр артиллерия мен реактивті жүйелерден атқылаудан, зымыран мен авиациялық соққылардан қаза тапқандар.

БҰҰ соғыс құрбандарының нақты саны ресми деректерден әлдеқайда көп деп есептейді, өйткені қарқынды ұрыс жүргізілген кейбір жерлерден ақпарат алу кешіктіріліп, көптеген хабарламалар әлі де расталмаған.