Түріктің Измир қаласында зілзаладан 20 ғимарат қирады (видео)

0
841

6,8 балдық жер сілкінісі 10 секундқа созылды.


Түріктің Измир қаласында зілзаладан 20 ғимарат қирады (видео)

ERNUR.KZ. Түріктің Измир қаласында жойқын жер сілкінісі салдарынан кем дегенде 20 ғимарат құлады. Түрік лирасы долларға қатысты тарихи минимумға дейін төмендеді. Сонымен бірге Грекияда да қатты жер сілкінісі болды, деп жазады Tengrinews.kz.

Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар агенттігі (AFAD) Түркияның батысында 6,6 балдық жер сілкінісі болғанын хабарлады, эпицентр Измир провинциясының Сеферихисар қаласының маңында болған.

"Әзірше бізде барлық ақпарат жоқ, біз 20 қираған ғимарат туралы ақпарат алдық. Измирдің Борнов және Байраклы аудандары қатты зардап шеккен. Әзірше бізде қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ", - деді қала әкімі Тунч Сойер NTV телеарнасына.

Ол оқиға орнында құтқарушылар тобы жұмыс істеп жатқанын айтты.

БАҚ-та бейнебақылау камераларынан кадрлар пайда болды.




Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында Грекияның Самос аралында қатты жер сілкінісі болғаны туралы хабар пайда болды.

Афина университетінің сейсмикалық зертханасы 6,8 балдық жерасты дүмпулері туралы хабарлады. Жер сілкінісі Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17.51-де болды. Ошағы Самостың солтүстік-батысынан 24 шақырым жерде, 10 шақырым тереңдікте болды. Жер сілкінісі 10 секундқа созылды.

Жер сілкінісіне байланысты Грекияның премьер-министрі Кириакос Мицотакистің телеүндеуі кейінге қалды, ол Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19.00-де беру жоспарланған болатын.

Дүмпулер Афинада да сезілді. Карловасидегі Теотокос шіркеуінің бір бөлігі қирады. Батыс Самос қаласының мэрі Александрос Лимперистің айтуынша, қабырға құлаған кезде бір адам жарақат алған.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Түркия мен Грекияда зардап шеккен қазақстандықтар туралы әзірше мәлімет жоғын хабарлады.


"Екі елдегі дипломаттар жұмыс істеп, біздің азаматтарымыз бойынша жағдайды анықтап жатыр. Әзірше ақпарат түскен жоқ, бірақ Измир - ірі қала", - деп түсіндірді СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров.