​Тұмауға қарсы екпе алғандарда коронавирус ауруы жеңіл өтеді

0
656

Вакцина екпеген науқастар ауруханаға 2,5 есе жиі жатқызылған және жансақтау бөліміне 3 есе жиі түсіпті.


​Тұмауға қарсы екпе алғандарда коронавирус ауруы жеңіл өтеді

ERNUR.KZ. Соңғы бір жылда тұмаудан вакцина еккен адамдарда коронавирус ауруы жеңіл өтеді екен, деп жазады 24.kz.

Флорида университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келді. Олардың тұжырымын ғылыми зерттеуін «American Board of Family Medicine» журналында жариялады.

Бұл зерттеуге 18 жастан асқан 2 мыңнан астам адам қатысқан екен. Америкалық ғалымдар келтірген статистикалық мәліметтерге сәйкес вакцина екпеген науқастар ауруханаға 2,5 есе жиі жатқызылған және жансақтау бөліміне 3 есе жиі түсіпті.