Telegram-да stories пайда болды

0
534

Тамыз айынан бастап бұл мүмкіндік барлығына қолжетімді болады.


Telegram-да stories пайда болды

ERNUR.KZ. Telegram мессенджерінде жаңа мүмкіндік – stories іске қосылды. Ол экранның жоғарғы жағында орналасқан және тек премиум жазылымының иелеріне ғана қолжетімді, деп жазады zakon.kz.

Тамыз айынан бастап бұл мүмкіндік барлығына қолжетімді болады. Әзірше адамдар басқа аккаунтқа жазылмаса да, олардың историясын көре алады.

Stories жариялау үшін қолданбаның жоғарғы жолағында – "Хабар жазу" түймесінің жанындағы белгішені басу керек. Ол барлық пайдаланушыға, барлық контактіге немесе алдын ала таңдалған контактіге немесе "жақын достарға" қол жетімді болуы мүмкін.

Фото мен видеоны өңдеп, әсемдеп, оның қолжетімді болу ұзақтығын – 6, 12, 24 немесе 48 сағат деп белгілеп, жариялауға болады.

Фото мен видеоларды, соның ішінде алдыңғы және артқы камераларда бір уақытта түсірілгендерді жариялауға болады. Фотоға мәтін жазуға болады. Басқа пайдаланушыларды белгілеуге болады.

26 маусымда Telegram негізін қалаушы Павел Дуров маусым айының соңында жаңа функция пайда болатыны туралы хабарлады. Содан кейін ол пайдаланушылар әр stories-ті кім көре алатынын анықтай алатынын атап өтті: барлығы, тек контактілер, бірнеше таңдалған контактілер немесе жақын достар.

Бұған дейін WhatsApp контактілерді сақтамауға мүмкіндік беретін функцияны енгізген еді.