Стамбұлда жарылыстан екі адам көз жұмды

0
387

Стамбұлда жанармай таситын көлікті жөндеу кезінде жарылыс болып, екі адам көз жұмды.


Стамбұлда жарылыстан екі адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Куәгерлердің айтуынша, автотұрақта тұрған цистернаға дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда жарылыс болған. Көлікті жөндеп жатқан дәнекерлеуші оқиға орнында көз жұмды. Ал жанында тұрған үш жұмысшының біреуі алған жарақаттарының кесірінен ауруханада қайтыс болған, деп жазады zakon.kz.

Тағы екі адам тиісті ем-дом жүргізілген соң үйлеріне жіберілді.

Қазір екі адамның өліміне себеп болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қауіпсіздік ережелерін сақтамай, цистернаны жөндетпек болған үш адам қамауға алынды.