Сахнада ән айтып тұрған музыканттың шашы жанып кетті

0
1 301

Шашының өрттенгенін бірден байқаған


Сахнада ән айтып тұрған музыканттың шашы жанып кетті

ERNUR.KZ. АҚШ-та cахнада өнер көрсетіп жатқан әншінің шашы өртке оранған, деп жазады nur.kz.

Оқиға Kiss әнін орындап жатқанда орын алған.

Кадрдан сахнаның үстіндегі отшашудың атылғанын, сол уақытта әншінің шашы да өртене бастағанын байқауға болады. Музыкант шашы жанғанымен, сахнаны тастап кетпей, ән айтуды жалғастыра берген.

Әншінің айтуынша, ол шашының өрттенгенін білген. Бірақ көмекшілері сөндіретініне сенімді болыпты.

"Мен шашымның өрттенгенін бірден байқадым. Ештеңеге алаңдағаным жоқ, бәрі көңілді болды", - деді музыкант.