Ресейде зауытта жарылыс болып, 40-қа жуық адам зардап шекті

0
328

5 адам жансақтау бөлімінде жатыр.


Ресейде зауытта жарылыс болып, 40-қа жуық адам зардап шекті

ERNUR.KZ. Ресейдің Сергиев Посад қаласында зауытта жарылыс болып, 40-қа жуық адам зардап шекті, деп жазады stan.kz.

"Загорск оптико-механикалық зауыт аумағындағы "Пироросс" кәсіпорнында болған жарылыстан зардап шеккен 5 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары – ауыр", делінген Мәскеу облысы Сергиев Посад қалалық округі әкімшілігінің ресми Telegram-арнасында. Қазіргі уақытта 38 адамның зардап шеккені хабарланып отыр.

"Жедел желіге хабарласып жатқан адамдар тым көп. Аурухана өкілдері жағдайға түсіністікпен қарауды сұрайды. Дәрігерлер қолынан келгенін істеп жатыр", - деп толықтырды әкімшілік өкілдері.

"Загорск оптико-механикалық зауытындағы жарылысқа келер болсақ, мәліметтердің бәрі – алдын ала болжам. Қазір өндіріс орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр. Детонация пиротехника заттары сақталатын қоймада шыққан. Ол жерді қаладағы танымал компаниялардың бірі жалға алған. Жарылыс себебі – технология процестерінің сақталмауы", - деді Мемлекеттік думаның құрылыс және ТКШ комитетінің төрағасы Сергей Пахомов.