Ресей Солтүстік Кореядан снарядтар сатып алады

0
531

Жарты жылдан астам жүріп жатқан Украинадағы соғысқа Ресейдің Қорғаныс министрлігі Солтүстік Кореядан миллиондаған зымыран мен артиллериялық снарядтар сатып алу үстінде.


Ресей Солтүстік Кореядан снарядтар сатып алады

ERNUR.KZ. Бұл туралы жақында құпиялылық деңгейі төмендеген америкалық барлаудың тұжырымдарында айтылған, деп жазады inbusiness.kz.

Агенттіктің дереккөзіне сәйкес, Украинада Ресей әскери күштері қару-жарақ пен өзге де қажеттіліктердің тапшылығына ұшыраған.

Ресейдің КХДР-дан оқ-дәрілерді сатып алу фактісі оның Иран өндірісінің дрондарын қабылдағаннан кейін бірнеше күн өте салысымен анықталды.

Ресейдің алдымен Иранға, ал қазір Солтүстік Кореяға жүгіну туралы шешімі АҚШ пен Еуропа енгізген санкциялар мен экспорттық бақылау Мәскеудің армия үшін керек-жарақтар алуына кедергі келтіретіндігінің белгісі, дейді Америка үкіметінің өкілдері.

Алайда Америка Құрама Штаттары аталмыш барлау деректерінде КХДР-да тапсырыс берілген қару-жарақтың нақты мөлшері, мерзімі мен көлемі туралы нақты ақпарат келтірмеді. АҚШ өкілі қысқа қашықтықтағы зымырандар мен артиллериялық снарядтардан басқа, Ресей болашақта қосымша Солтүстік Корея жабдықтарын сатып алуға тырысатынын ғана жеткізді.

"Кремль Солтүстік Кореяға жүгінуге мәжбүр болғанына алаңдаушылық танытады деп ойлаймын",-деді Мэйсон Кларк, Соғысты зерттеу институтының Ресей тобын басқарушы.

Иран да, Солтүстік Корея да американдық және халықаралық санкцияларға салдарынын бүкіл әлемдік саудадын қапы қалып отыр, сондықтан Ресеймен келісім жасасу сыртқы жағдайдың өзгеруіне аса әсер ете қоймас. Ал Ресейдің халықаралық аренадағы жағдайы одан әрі нашарлауы мүмкін. Себебі Солтүстік Кореядан қару сатып алу туралы кез-келген келісім БҰҰ-ның Пхеньяннан қару таратуға тыйым салуға бағытталған қарарларын бұзу болып есептеледі.

Тамыз айында Владимир Путин КХДР басшысына хат жіберіп, қарым-қатынасты тереңдеткісі келетінін мәлімдеген. Пхеньян Ресей басып алған аумақтардың "тәуелсіздігін" мойындағаннан кейін Украина Солтүстік Кореямен дипломатиялық қатынастарды үзді.