Омикронның жаңа түрлері анықталды

0
786

Әзірге вирустың жаңа түрлері қаншалықты қауіпті екені және адамға қалай әсер ететіні белгісіз.


Омикронның жаңа түрлері анықталды

ERNUR.KZ. Польшада омикрон штамының жаңа екі түрі анықталды, деп жазады 24.kz.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің орынбасары хабарлады. Оның айтуынша, әзірге вирустың жаңа түрлері қаншалықты қауіпті екені және адамға қалай әсер ететіні белгісіз.

Айта кетейік, бүгінде Польшадағы ковид жұқтыру деректерінің 96 проценті омикронмен байланысты. Осы уақытқа дейін елде 5 жарым миллиондай азамат қауіпті инфекцияға шалдыққан. 104 мың кісі бақилық болған.