Норвегияда коронавирустың жаңа мутациясы анықталды

0
732

Сегіз жергілікті тұрғыннан вирустың жаңа түрі анықталған.


Норвегияда коронавирустың жаңа мутациясы анықталды

ERNUR.KZ. Норвегияда SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа мутациясы табылды. Бұл туралы Verdens Gang газетіне Тронхейм муниципалитетінің бас дәрігері Туве Ресстад хабарлады, деп жазады 24.kz.

16-18 қазан аралығында Тронхейм қаласында сегіз жергілікті тұрғыннан вирустың жаңа түрі анықталды.

«Алдын ала болжам бойынша, бұл – вирустың Денсаулық сақтау министрлігі Норвегияда бұрын кездестірмеген жаңа нұсқасы», - деді Ресстад.

Ол вирус мутациясының жаңа қасиеттері әлі белгісіз екенін айтып өтті. Алайда, оның айтуынша, Тронхеймде коронавирус тез жұғатын болған.