Нидерландта жаңажылдық отшашуға тыйым салынды

0
695

Ел билігі бенгал оты сияқты ең қарапайым отшашуларды ғана қолдануға рұқсат берді.


Нидерландта жаңажылдық отшашуға тыйым салынды

ERNUR.KZ. Нидерланд жаңа жылда отшашулар мен пиротехниканың барлық түрлерін қолдану тоқтатылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл шешім жедел жәрдем қызметкерлерінің COVID-19 ауруына шалдыққан адамдарға көмектесуіне және отшашу жарылыстарынан зардап шеккендерге алаңдамауына мүмкіндік беру үшін қабылданды.

«Ел билігі жыл сайын Жаңа жыл түні пиротехникадан зардап шеккен адамдар санының тым көп болуына байланысты, ауруханалар үшін бұл ең ауыр кезеңдердің бірі екенін жеткізді. Пандемия жағдайында ауруханалар онсыз да COVID-19 пациенттеріне толып тұр», - деп түсіндірді ел басшылығы.

Дегенмен, бенгал оты сияқты ең қарапайым отшашуларды ғана қолдануға рұқсат берілді.