Қытайда маймылдар бала ұрлауға көшті

0
799

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін патрульдер жүретін болады.


Қытайда маймылдар бала ұрлауға көшті

ERNUR.KZ. Қытайдың Гуйчжоу провинциясында маймыл үш жасар қызды ұрлап кетті, деп жазады Inbusiness.kz.

Оқиға 21 қазанда болды. Бірер минутқа ағаштың астында қалған баланы маймыл ұрлап кеткен. Кейіннен полиция қызды табу үшін жақын маңның бәрін тінте бастады.

Құқық қорғау органдары қыздың атын айқайлап, бәрін шулата бастады. Өз есімін естіген қыз таудан үн қатты. Бала жартастың жанында табылды, ал оның денесінде маймылдың саусақ ізіне ұқсас бірнеше сызаттар қалған деп хабарланды.

Партияның жергілікті филиалының хатшысы айтқандай, енді аймақта тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін патрульдер жүретін болады.