Қытай дәмханасындағы жарылыстан қаза тапқандар саны жеті адамға жетті

0
338

Газдың шығуынан болған жарылыс 13 наурыз күні таңертең төрт қабатты ғимаратта орналасқан дәмханада болды.


Қытай дәмханасындағы жарылыстан қаза тапқандар саны жеті адамға жетті

ERNUR.KZ. Қытайдың солтүстігіндегі Хэбэй провинциясы Саньхэ қаласындағы дәмханалардың бірінде жарылыс болды. Төтенше жағдай салдарынан қаза тапқандар саны жетіге жетіп, тағы 27 адам жарақат алды, деп жазады inform.kz.

Болжам бойынша, газдың шығуынан болған жарылыс 13 наурыз күні таңертең төрт қабатты ғимаратта орналасқан дәмханада болды. Төтенше жағдай салдарынан ғимарат ішінара опырылып, ғимаратқа жақын орналасқан көліктер зақымданған.

Өртті сөндіруге 36 бірлік арнайы техника мен 150-ден астам құтқарушы жұмылдырылды.

Барлық зардап шеккендер шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Бүгінде олардың 14-і емдеу мекемесінен шығарылды.

Барлық зардап шеккендер шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Бүгінде олардың 14-і емдеу мекемесінен шығарылды.

Бұған дейін бір адам қаза тауып, 22 адам жарақат алғаны хабарланған болатын.