Кипрде АИТВ-ның жаңа штамы анықталды

0
516

Жаңа рекомбинантты штамның геномы АИТВ-1 төрт штамынан құралған: CRF02_AG, G, J и U.


Кипрде АИТВ-ның жаңа штамы анықталды

ERNUR.KZ. Кипр университетінің ғалымдары бұл вирусты АҚШ-тағы Лос-Аламос ұлттық зертханасында жұмыс істеген кезде тапқан, деп жазады inbusiness.kz.

Phileleftheros басылымының хабарлауынша, ғалымдар бірінші типтегі адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) жаңа рекомбинантты штамына CRF91_cpx деген атау берді. Жаңа рекомбинантты штамның геномы АИТВ-1 төрт штамынан құралған: CRF02_AG, G, J и U.

Вирустың жаңа түрін зерттеуге Ларнак клиникасының СПИД-ті емдеумен айналысатын мамандары да қатысты.
Штамм Кипрдің 14 тұрғынынан анықталды.

Мамандардың айтуынша, CRF91_cpx ерлермен жыныстық қатынасқа түскен кипрлік ер адамдар арасында таралған.