Хабиб Нұрмағамедов ММА-ден біржолата кететінін мәлімдеді

0
1 008

34 жастағы Хабиб Нұрмағамедов UFC-де 2012 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.


Хабиб Нұрмағамедов ММА-ден біржолата кететінін мәлімдеді

ERNUR.KZ. Жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нұрмағамедов ММА индустриясынан кететінін айтты. Бұған дейін БАҚ беттерінде осындай ақпараттар тараған еді, деп жазады Stan.kz.

Спортшы Instagram желісіндегі парақшасында жекпе-жек әлемінен кетіп жатқанын айтқан басылымға репост жасады.

"Хабиб ММА индустриясынан кетеді. Бұл жаттықтырушы мансабына және MMA-ға қатысты барлық нәрселерге қатысты. Оған себеп – Хабибтің отбасына уақыт бөлгісі келетінінде", - делінген жазбада.

Бұған дейін Нұрмағамедов командасымен кездесу өткізіп, одан кейін бірлескен суретін жариялап, пікір қалдырған: "Жылды қорытындыладық. Жыл, әрине, оқиғаға толы және табысты болды. Өздеріңізді сақтаңыздар, бауырлар! Менің шешімім тек пайда әкеледі деп сенемін, бәріңізді қатты құшақтадым! Рахмет, сіздер менің спорттағы жетістіктеріме үлкен себепкер болдыңыздар", - деп жазған еді Хабиб.

Белгілі ресейлік күрескер Магомед Исмаиловтың жаттықтырушысы әрі ағасы Рамазан Исмаиловтың айтуынша, Хабибтің шешіміне Дубайда кездескен әйгілі ислам уағызшысы Закир Наикпен кездесуі әсер етуі мүмкін.

"Онымен болған әңгіме әсер етуі мүмкін. Бірақ бұған қатты сенбеймін. Оның лигасы бар, оны алда маңызды жекпе-жек күтіп тұрған Ислам Махачев бар. Оны қалай тастап кетуге болады?", - деп келтіреді Исмаиловтың сөзін MMA.Metaratings.ru сайты.

34 жастағы Хабиб Нұрмағамедов UFC-де 2012 жылдан бері өнер көрсетіп келеді және промоушенмен 13 жекпе-жек өткізіп, 13 жеңіске жетті. 2020 жылдың 24 қазанында америкалық Джастин Гетжиді жеңгеннен кейін Нұрмағамедов мансабын аяқтайтынын жариялады. Жалпы алғанда, спортшы ММА ережелері бойынша 29 жекпе-жекте 29 жеңіске жетті.
Хабиб мансабын аяқтағаннан кейін бапкерлік қызметке кірісті. Оның жетекшілігімен отандасы Ислам Махачев 2022 жылы жеңіл салмақта UFC чемпионы атанса, оның туысы Осман Нұрмағамедов сол салмақта Bellator белбеуін жеңіп алды.