Қауіпті вирустарды тасымалдаушы масалардың жаңа түрі пайда болды – ДДСҰ

0
1 765

ДДСҰ Испания, Франция, Италия, Греция немесе Хорватия халқына қауіп төніп тұрғанын ескертеді.


Қауіпті вирустарды тасымалдаушы масалардың жаңа түрі пайда болды   – ДДСҰ

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ДДСҰ Еуропада қауіпті вирустарды тасымалдаушы масалардың жаңа түрі пайда болғанын ескертті, деп жазады stan.kz.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әсіресе оңтүстік Еуропада жиі кездесетін Aedes масалары қанды безгек, зика безгегі және чикунгунья сияқты вирустық ауруларды тасымалдайды. Қазір континентте ауа райының жоғары температура болуына байланысты масалар көбейген.

ДДСҰ Испания, Франция, Италия, Греция немесе Хорватия халқына қауіп төніп тұрғанын ескертеді.

Мамандар бұл масалар тек түнде емес, сонымен қатар күндіз де адамдарды шағаынын ескертті. Сонымен қатар олар күніне қатарынан бірнеше адамды шаға алатындықтан, бұл індеттің пайда болуына әкеліп соғатынын да жеткізді.

Ал аталған маса арқылы таралатын вирустық аурудың ешқайсысына бүгінде қарсы вакцина жоқ. Сондықтан қазір вакциналарды зерттеу жұмыстары күшейтілген.

Өткен жылы 21 жастағы британдық қыз маса шаққаннан кейін қайтыс болған еді.