Қатты жөтелген ер адамның аузынан өкпесінің бір бөлігі түсіп қалды

0
2 915

36 жастағы пациенттің бала күнінен жүрегіне байланысты қиындықтары болған.


Қатты жөтелген ер адамның аузынан өкпесінің бір бөлігі түсіп қалды

ERNUR.KZ. Ауруханада жатқан пациенттің қатты жөтелгені сонша, аузынан өкпесінің бір бөлігі шығып кетті, деп жазады Stan.kz.

Ер адам созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің салдарынан Сан-Францискодағы Калифорния университетінің медициналық орталығыны жан сақтау бөліміне түсті. 36 жастағы пациенттің бала күнінен жүрегіне байланысты қиындықтары болған. Бірнеше жыл бұрын оған жүректі ынталандырғыш қойылыпты.

Ер адам ауруханаға түскеннен бір апта өткеннен кейін тыныс алуына байланысты қиындықтар пайда болған. Ол жөтелгенде қақырық пен қан шыға бастапты. Өз кезегінде дәрігерлер оған оттегі жіберіп тұратын қосымша құрылғыларды қосты.

Пациенттің кезекті рет ұстамасы ұстап, қатты жөтелген кезде, оң жақ өкпесінің бронх тармақтарының бөлігі түсіп қалған. Мұнан кейін дәрігерлер науқастың кеңірдегіне тыныс беру түтігін орнатуға мәжбүр болды. Алайда екі күннен кейін ер адамның жөтелі басылыпты.

Ал арада бір апта өткеннен кейін ол жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды.