Израиль Газадағы "Әл-Амал" ауруханасына тоқтаусыз соққы жасауда

0
254

Сондай-ақ, босқындар лагеріне де оқ жаудырғаны белгілі болды.


Израиль Газадағы

ERNUR.KZ. Израиль қорғаныс күштері Газа секторының оңтүстік бөлігіндегі Палестинаның Хан-Юнис қаласындағы аурухана мен оның айналасындағы тұрғын үйлерді толассыз атқылауда, деп жазады inbusiness.kz.

Палестина Қызыл Жарты Ай қоғамы Израильдің әл-Магази босқындар лагерін де атқылап жатқанын хабарлады.

Палестинаның Қызыл Жарты Ай Қоғамы (PRCS) өзінің X (бұрынғы Twitter) парақшасында Израильдің Хан Юнисті атқылауы "Әл-Амаль медициналық орталығының ғимараты мен аурухананың айналасына ауыр зиян келтіргенін" айтты.

Палестина анклавының орталық бөлігінде орналасқан әл-Магази босқындар лагеріне де артиллериялық оқ жаудырылғаны белгілі болды.

PRCS хабарлауынша, Израиль армиясының соққысы салдарынан кем дегенде бір палестиналық жараланған.

2023 жылы 7 қазанда ХАМАС тобы Газа секторынан Израильге кірген кезде Таяу Шығыстағы жағдай күрт нашарлады. Израиль Палестина анклавына, Ливанға және Сирияның бір бөлігіне қарсы шабуылдай бастады. 1 желтоқсанда Израиль армиясы Газа секторында соғыс қимылдарын қайта бастағанын жариялап, ХАМАСты 24 қарашадан бері күшіне енген атысты тоқтату келісімін бұзды деп айыптады.