Испанияда желтоқсан айында рекордтық температура тіркелді

0
505

Дель Кампоның хабарлауынша, Валенсия сияқты Жерорта теңізінің шуақты жағалауындағы қалаларда ауа температурасы кем дегенде 27 градусқа жеткен.


Испанияда желтоқсан айында рекордтық температура тіркелді

ERNUR.KZ. Сейсенбі күні Испанияда ыстық ауа массасы Пиреней түбегін басып өтті. Оңтүстікте термометр 30°C-ге жуық көтеріліп, шаңғы маусымын кейінге қалдырды, деп жазады Kazinform.

«Бұл желтоқсан айының дәл осы кезеңінде Испания үстінен өткен ең жылы ауа массасы», - деді АЕМЕТ ұлттық метеорологиялық агенттігінің өкілі Рубен дель Кампо.

Дель Кампоның хабарлауынша, Валенсия сияқты Жерорта теңізінің шуақты жағалауындағы қалаларда ауа температурасы кем дегенде 27 градусқа жеткен.

Ұлттық метеорологиялық агенттігінің болжамынша, сәрсенбі күні жоғары ендіктерден келетін салқын ауа температураны желтоқсандағы қалыпты деңгейге дейін төмендетеді.