Иркутскіде әскери ұшақ тұрғын үйге құлап, екі ұшқыш қаза тапты

0
903

Ведомствоның мәліметінше, әуе кемесі қала ішінде орналасқан жекеменшік учаскеге құлап, оқиға орнында өрт басталған.


Иркутскіде әскери ұшақ тұрғын үйге құлап, екі ұшқыш қаза тапты

ERNUR.KZ. Ресейде бір апта ішінде ұшақ апаты екінші рет тіркеліп отыр, деп жазады inbusiness.kz.

"СУ" санатындағы әскери ұшақ Иркутскідегі екі қабатты үйге құлады, деп хабарлады Иркутск облысының губернаторы Игорь Кобзев.

"Алдын ала мәліметтер бойынша Иркутскіде СУ санатындағы ұшақ Пржевальский көшесіндегі екі қабатты үйге құлады. Апат туралы ести салысымен, оқиға орнына келдім. Барлық бөлімшелер осында. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ", – делінген губернатордың хабарламасында.

Иркутск облысы бойынша ТЖМ баспасөз қызметі сынақтан өтіп жатқан СУ-30 жойғыш ұшағы апатқа ұшырағанын хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, әуе кемесі қала ішінде орналасқан жекеменшік учаскеге құлап, оқиға орнында өрт басталған. Кейінірек ведомство СУ-30 Иркутскідегі ағаштан жасалған жекеменшік екі қабатты тұрғын үйге құлағанын, өрттің ауданы 200 шаршы метрді құрағанын нақтылады. Әзірге ұшақ құлаған жерде қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Алайда бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет Су-30 ұшағының екі ұшқышы оқиға орнында жан тапсырғанын хабарлады.

Аптаның басында, 17 қазанда, Су-34 әскери ұшағы Краснодар өлкесі, Ейск қаласындағы көп қабатты тұрғын үйге құлап, 15 адам қаза тапты. Көп ұзамай зардап шеккен үйдің 300-ге жуық тұрғыны өз пәтерлеріне қайта оралды.