Google ресейлік мемлекеттік БАҚ-қа жарнама орналастыруға тыйым салды

0
1 043

Google ресейлік мемлекеттік БАҚ-ты монетизациялауға тыйым салды.​ Осыған дейін YouTube бірқатар ресейлік БАҚ-ты монетизация жасау мүмкіндігінен айырған.


Google ресейлік мемлекеттік БАҚ-қа жарнама орналастыруға тыйым салды

ERNUR.KZ. Google корпорациясы ресейлік мемлекеттік БАҚ-қа өз сервистерінде жарнама орналастыруға тыйым салды, деп жазады inbusiness.kz.

"Біз жаңа оқиғаларды белсенді түрде бақылап отырмыз, әрі қажет болған жағдайда тиісті қадамдарды жасаймыз", - деді Google өкілі Майкл Асиман Reuters-ке.

Ресейлік мемлекеттік БАҚ өз сайттарына қаражат тарту үшін аталған компанияның технологиясын пайдалана алмайды, әрі олар жарнама сатып алу мүмкіндігінен айырылды.