Газа секторын аштық жайлап барады – БАҚ

0
465

БҰҰ мәліметінше, осы уақытқа дейін кем дегенде 10 бала аштықтан көз жұмды.


Газа секторын аштық жайлап барады – БАҚ

ERNUR.KZ. Газа секторында 31 341 палестиналық қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соғыс басталғалы Газаның 31 341 тұрғыны қаза тауып, 73 134 адамы жарақат алған. Кейінгі бір тәулікте 69 адам қаза тауып, 110 адам жараланды.

«Газа секторын жайлаған аштықтың ауқымы үлкейіп барады. Қазір халықтың 90% - дан астамы тамақтан тапшылық көріп отыр. Куәгерлердің айтуынша, шарасыз ата-аналар балаларын жануарларға арналған азықпен қоректендіріп отыр. Азық-түліктің жетіспеуі үлкен алаңдаушылық тудырады», - деп жазылған басылымда.

БҰҰ Таяу Шығыс агенттігінің мәліметінше, осы уақытқа дейін кем дегенде 10 бала аштықтан көз жұмды.