Facebook парақшасы бар жарты млрд адамның жеке мәліметтері желіде тарады

0
1 809

106 елдегі «Фейсбук» қолданушылары туралы мәліметтер хакерлік форумдардың бірінде ашық күйде сақтаулы тұр.


Facebook парақшасы бар жарты млрд адамның жеке мәліметтері желіде тарады

ERNUR.KZ. Интернетте Facebook-тың жарты миллиард қолданушысының жеке мәліметтері табылды. Телефон номерімен қоса қолданушылардың электронды пошта адрестері, туған күні мен туған жері жазылған, деп хабарлайды Хабар24.

Бұл туралы Business Insider хабарлады.

Белгілі болғандай, 106 елдегі «Фейсбук» қолданушылары туралы мәліметтер хакерлік форумдардың бірінде ашық күйде сақтаулы тұр екен. Мұны киберқауіпсіздікпен айналысатын Hudson Rock компаниясы анықтады.

Аталған мекеменің техникалық директоры Аарон Галдың айтуынша, деректердің жаппай таралуы киберқылмыстың өршуіне әкелуі мүмкін. Өз кезегінде «Фейсбук» өкілдері осы оқиғаға қатысты әзірге ешқандай түсінік бермеді.