Еуропада қыста энергияның жетіспеушілігіне байланысты ұялы байланыс үзілуі мүмкін

0
530

Француз байланыс операторлары федерациясының президенті Лиза Беллулоның пікірінше, Францияда ұялы байланыстың барлық антенналарын жаңа үздіксіз қуат көздерімен қамтамасыз ету мүмкін емес.


Еуропада қыста энергияның жетіспеушілігіне байланысты ұялы байланыс үзілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Осы қыста Еуропа елдерінде энергетикалық дағдарыс салдарынан ұялы байланыс өшірілуі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.

"Егер энергияны тұтынуды шектеу немесе оны реттеу аймақтағы ұялы желілердің бір бөлігіне әсер етсе, бүкіл Еуропадағы ұялы телефондар осы қыста өшірілуі мүмкін", — делінген хабарламада.

Агенттіктің дереккөздеріне сәйкес, кейбір еуропалық компаниялар, атап айтқанда Nokia және Ericsson энергия тапшылығын барынша азайту үшін қолдан келгенді істеп бағуда. Алайда "ондаған жылдар бойы үздіксіз қуатқа үйренген" Еуропа елдерінде жаппай электр қуатын өшірудің алдын алуға көмектесетін резервтік жүйелер жеткіліксіз.

Француз байланыс операторлары федерациясының президенті Лиза Беллулоның пікірінше, Францияда ұялы байланыстың барлық антенналарын жаңа үздіксіз қуат көздерімен қамтамасыз ету мүмкін емес.