Еуропада коронавирустың «дельтакрон» деп аталатын жаңа түрі анықталды

0
491

Қаңтар айының басында Кипр университетінің биологиялық ғылымдар факультетінің ғалымдар тобы COVID-19 жаңа штамы – «дельта» және «омикрон» гибридінің табылғаны туралы хабарлады.


Еуропада коронавирустың «дельтакрон» деп аталатын жаңа түрі анықталды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше аурулар бөлімшесінің техникалық тобының жетекшісі Мария ван Керкхове мәлімдеді, деп жазады Zakon.kz.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, ДДСҰ жетекші эпидемиологы «дельтакрон» штамы Францияда, Нидерландыда, Данияда анықталғанын, бірақ жұғу деңгейі «өте төмен» екенін растады.

«Дельтакрон» «дельта» AY.4 және «омикрон» BA.1/BA.2 штамы түрлерінің бірігуінен пайда болды", - дейді Мария ван Керкхове.

Ол ДДСҰ сарапшылары бұл нұсқаны 7 наурызда өткен кездесуде талқылағанын айтты.

Қаңтар айының басында Кипр университетінің биологиялық ғылымдар факультетінің ғалымдар тобы COVID-19 жаңа штамы – «дельта» және «омикрон» гибридінің табылғаны туралы хабарлады. Ол кезде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы секвенирлеу кезінде үлгінің ластануы мүмкін екенін айтып, «дельткрон» атауын пайдаланбауды ұсынған-ды.