Дубайда автобус жол апатына ұшырап 17 турист қаза тапты

0
1 091

Жүргізушінің автобусқа арналмаған жолмен жүріп, жол белгісіне соғылғаны айтылады.


Дубайда автобус жол апатына ұшырап 17 турист қаза тапты

ERNUR.KZ. Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында автобус жол апатына ұшырап, кемінде 17 адам қаза тапты, деп жазады Азаттық.

9 адам ауруханаға түскен. Дубай полициясының дерегінше, оқиға 6 маусымда кешке болған. Жүргізушінің автобусқа арналмаған жолмен жүріп, жол белгісіне соғылғаны айтылады. Оманның мемлекеттік нөмірі тағылған автобуста 31 турист болған. Олардың қай ел азаматтары екені анықталып жатыр.