Дубай Covid-19 науқастарын анықтау үшін итті пайдаланбақ

0
590

Дубай әуежайы бірінші болып осындай «тест» түрін енгізіп жатыр.


Дубай Covid-19 науқастарын анықтау үшін итті пайдаланбақ

ERNUR.KZ. Дубай билігі коронавирус індетімен күрес жүргізу үшін кинологтар мен иттерді пайдаланбақ. Яғни олар әуежайда дертте шалдыққандарды анықтайтын болады. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Зерттеу барысында иттер 92% дәлдікпен Covid-19 вирусын тапқан екен.

Ескере кететін жайт, оларды үйрету өте көп уақытты талап етеді. Ол үшін арнайы лаборатория, жабдықтар мен науқастардың тері керек. Осылайша Дубай әуежайы бірінші болып осындай «тест» түрін енгізіп жатыр. Иттер адамдарға жақындамай, белгілі бір қашықтан жұмыс істейтін болады.

Дубай қаласы туристер үшін шілде айында ашылған еді. Енді шаһарға саяхаттап келушілер міндетті түрде вирустың жоқтығын растайтын анықтаманы көрсетуі керек. Бұл тесттен олар ұшарға дейін кемінде 96 сағат бұрын өтуге тиіс.