Дамыған бірнеше елде Instagram жұмысында ақау болды

0
896

Бұған дейін қазақстандықтарға Интернетке қол жеткізу үшін телефонға арнайы қауіпсіздік сертификатын орнату ұсынылған.


Дамыған бірнеше елде Instagram жұмысында ақау болды

ERNUR.KZ. Бүгін Instagram әлеуметтік желісінің жұмысында ақау болды, деп жазады тengrinews.kz.

Әлеуметтік желі жұмысындағы проблемаларға бірқатар елдердің пайдаланушылары тап болды. Хабарлар АҚШ, Бразилия, Мексика, Ұлыбритания, Германия, Франция, Нидерланды, Жапония және басқа елдерден Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08.00-ге қарай келіп түсе бастады.

Пайдаланушылар негізінен лентасын жаңарта алмағандықтан (38 пайыз), жарияланым жүктей алмай (34 пайыз), сториз қарай алмағандықтан (27 пайыз) шағым айтқан.

Бұған дейін қазақстандықтарға Интернетке қол жеткізу үшін телефонға арнайы қауіпсіздік сертификатын орнату ұсынылған. Сертификат болмаған жағдайда жекелеген интернет-ресурстармен мәселе болуы мүмкін екені хабарланған.

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі Абылайхан Оспанов қолданушылар сертификатты қалауы бойынша орната алатынын түсіндірген.