Бішкекте ер адам қызды таныспағаны үшін соққыға жыққан

0
812

Бішкектің Октябрь ауданының ІІБ өкілі бұл дерек тіркелгенін және тергеуге дейінгі тексеріс басталғанын айтты.


Бішкекте ер адам қызды таныспағаны үшін соққыға жыққан

ERNUR.KZ. Бішкекте ер адам қызды банкомат маңында соққыға жыққан. Бұл туралы жәбірленуші Instagram желісінде жазды, - деп жазады kaz.tengrinews.kz.

Оның айтуынша, оқиға 28 мамырда шамамен 03.20-да болған. Қыз ақша алу үшін 12-шағынауданға келген. Ер адам оған жақындап, танысуға тырысқан. Қыз бас тартқаннан кейін жігіт оның бетінен ұрып, қолында барын беруді талап еткен.

"Оны такси жүргізушісі алып кетті. Полицияға арыз жаздым, құқық қорғау органдарының қызметкерлері маған көмектеседі деп сенемін", - деп жазды жәбірленуші.

Бішкектің Октябрь ауданының ІІБ өкілі бұл дерек тіркелгенін және тергеуге дейінгі тексеріс басталғанын айтты.

"Жәбірленуші алған дене жарақаттары бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жедел уәкілдер күдіктіні анықтады. Ол 40 жастағы Э.А. болып шықты. Тергеуден кейін ер адам сараптама қорытындысы дайын болғанға дейін келу міндеттемесімен босатылды", - делінген ведомство хабарламасында.