Билл Гейтс жасанды интеллектің арқасында адамзат үш күндік жұмыс аптасына ауысатынын айтты

0
864

Билл Гейтс жасанды интеллектің арқасында адамзат үш күндік жұмыс аптасына ауысатынын айтты.


Билл Гейтс жасанды интеллектің арқасында адамзат үш күндік жұмыс аптасына ауысатынын айтты

ERNUR.KZ. Microsoft негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс жасанды интеллектің дамуының арқасында адамзат үш күндік жұмыс аптасына ауысуы мүмкін екенін айтты, деп жазады stan.kz.

Билл Гейтс жасанды интеллектің арқасында адамзат үш күндік жұмыс аптасына ауысатынын айтты.

Сұхбат барысында подкаст жүргізушісі және комик Тревора Ноя "жасанды интеллектің дамуы жұмыс орындарына қауіп төндіре ме?, - деп сұрады.

Гейтстің айтуынша, күндердің бір күні адамдарға көп жұмыс істеудің қажеттілігі туындамайтын уақыт келеді.

"Болашақта аптасына үш күн ғана жұмыс істейтін қоғамға тап болуыңыз мүмкін. Меніңше бұл жақсы нәрсе", - деді Гейтс.

Қазан айында JPMorgan қаржы корпорациясының басшысы Джейми Даймон жасанды интеллект дамыған сайын жұмыс аптасының ұзақтығы қысқаратынын айтқан еді.

"Балаларыңыз 100 жасқа дейін өмір сүреді және технологияның арқасында қатерлі ісікпен ауырмайды. Олар аптасына үш жарым күн жұмыс істейтін болады", - деді ол Bloomberg-ке берген сұхбатында.