Аустралиядағы өрт өршіп барады: бірнеше елшілік жабылды

0
1 063

«Ауаның қатты ластануы» салдарынан Венгрия елшілігі жабылды.


Аустралиядағы өрт өршіп барады: бірнеше елшілік жабылды

ERNUR.KZ. Аустралия астанасы Канберрада алапат өрт салдарынан бірқатар елшілік жабылды. Жұма күні жергілікті билік аптап ыстық пен желдің соғуына байланысты өрт шығу қаупі туралы ескертті, деп жазады ҚазАқпарат.

Аустралиядағы Эстония дипломатиялық миссия басшысы Керсти Эсмаа (Kersti Eesmaa) эстониялық елшіліктің Сиднейге көшкенін растады.

Бұдан бөлек, «ауаның қатты ластануы» салдарынан Венгрия елшілігі жабылды. Сондай-ақ, Ирландия, Италия және Израиль елшіліктері ауа сапасының нашарлауынан уақытша жабылды.

Аустралияда табиғи өрт салдарынан миллиондаған гектар жер өртенді. Соңғы айларда мыңдаған үй жанып, 17 адам қаза тапты. Сидней университетінің мәліметінше, 1 миллиард жануар қырылған.