Аустралияда бір адамнан СOVID-19 анықталып, 2 миллион адам карантинге жақызылды

0
2 550

Азық-түлік дүкендерінен басқа қаладағы барлық кәсіпорын қызметін тоқтатты.


Аустралияда бір адамнан СOVID-19 анықталып, 2 миллион адам карантинге жақызылды

ERNUR.KZ. Шамамен 2 миллион аустралиялық коронавирустың бір жағдайы анықталғаннан кейін карантинге жатқызылды, деп жазады Tengrinews.kz.

Ел билігі Батыс Аустралияның астанасы Перт қаласын бес күнге жауып тастады. Карантин қалада 10 айда алғаш рет тіркелген коронавирус жағдайына байланысты енгізілді. Қонақүйлердің бірінің күзетшісінен ұлыбританиялық СOVID-19 штамы анықталды, ол қарапайым коронавирустан жұқпалы саналады. Штат үкіметі вирус жұқтырғандар көбеюі мүмкін екенін болжап отыр, өйткені ер адам такси жүргізушісі болып та жұмыс істеген. Соңғы күндері ол байланыста болғандардың тізіміне 66 адам кірді.

"Жалпы алғанда 13 жақын байланыста болған адамның тесті теріс нәтиже көрсетті, олардың ішінде 11 адам қосымша сақтық шарасы ретінде қонақүйге карантинге жатқызылды", - деді Батыс Аустралия штатының премьер-министрі Марк Макгоуэн.

Азық-түлік дүкендерінен басқа қаладағы барлық кәсіпорын қызметін тоқтатты. Тұрғындарға тек қажетті тауарларды сатып алуға, медициналық көмек үшін, спортпен шұғылдануға немесе қашықтан жұмыс істеу мүмкін болмаған жағдайда ғана шығуға рұқсат етіледі.

Бұған дейін Аустралия ғалымдары вирус жұқтырғандардың нақты саны ресми статистикалық мәліметтерден алты есе көп болуы мүмкін екенін мәлімдеді және COVID-19 жаңа штамының қаупіне күмәнданған болатын.