Әнші Александр Градский қайтыс болды

0
1 067

Бұған дейін Градский инсульт алып Мәскеу ауруханаларының біріне жатқызылған болатын.


Әнші Александр Градский қайтыс болды

ERNUR.KZ. Ресейдің халық әртісі, әнші әрі композитор Александр Градский қайтыс болды, деп жазады sn.kz

Ол 72 жаста еді. Ол ауыр халде жансақтау бөліміне жатқызылған болатын.

Бұған дейін Градский инсульт алып Мәскеу ауруханаларының біріне жатқызылған болатын. Ол үйінде өзін нашар сезінген.

Александр Градский - кеңестік және ресейлік әнші, мульти-аспапшы, ән жазушы, ақын және композитор. Ол «Дауыс» музыкалық шоуына тәлімгер ретінде қатысты. Градский орыс рок негізін қалаушылардың бірі. Әнші «Градский Холл» театрын басқарды.