Әлемдегі ең кедей мемлекеттердің бірі коронавирус ошағына айналуы мүмкін – БҰҰ

0
369

Аталған ел Жер шары тұрғындарының үштен бір бөлігі шоғырланған - Бангладеш, Үндістан және Қытай мемлекеттермен ортақ шекарасы бар екенін атап өтті.


Әлемдегі ең кедей мемлекеттердің бірі коронавирус ошағына айналуы мүмкін – БҰҰ

ERNUR.KZ. Біріккен Ұлттар ұйымы COVID-19 таралуы бойынша әлемдегі жағдайды талдау негізінде, ең кедей мемлекеттердің бірі - Мьянма инфекция ошағына айналуы мүмкін екенін ескертеді. Бұл елден инфекция ешқандай бақылаусыз тарай беруі мүмкін, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мьянма COVID-19 таралуының аса қауіпті ошағына айналып келеді, бұл елде вирустың аса жұқпалы әрі қауіпті жаңа нұсқалары – «дельта» және өзге штамм түрлері таралған. Бұл өте қауіпті», - деді БҰҰ Арнайы баяндамашысы Том Эндрюс.

Ол аталмыш елдің Жер шары тұрғындарының үштен бір бөлігі шоғырланған - Бангладеш, Үндістан және Қытай мемлекеттермен ортақ шекарасы бар екенін атап өтті.