Әлемде маймыл шешегін жұқтырушылар бірден 20%-ға өсті

0
609

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адхан Гебрейюс әлемдегі маймыл шешегі ауруына қатысты баспасөз мәслихатын өткізді.


Әлемде маймыл шешегін жұқтырушылар бірден 20%-ға өсті

ERNUR.KZ. Жиыннан белгілі болғандай, маймыл шешегімен ауырғандар саны әлемде күрт өскен, деп жазады Ulysmedia.kz.

ДСҰ басшысы қазіргі уақытта ұйымға 92 ел мен аумақтан маймыл шешегін жұқтырудың 35 мыңнан астам жағдайы туралы хабарлама түскенін, бұл ретте 12 адам көз жұмғанын атап өтті.

Өткен аптада 7 мың 500-ге жуық жағдай тіркелді, бұл алдыңғы аптаға қарағанда 20%-ға көп.

«Вакциналар өршіген аурумен күресте маңызды рөл атқара алады және көптеген елдерде зардап шеккен қауымдастықтар арасында вакциналарға сұраныс жоғары», - деді ДДҰ басшысы.