АҚШ тұрғыны вакцина салдырып, миллион доллар ұтып алды

0
786

Лотереяға 2,7 миллионнан аса адам қатысты.


АҚШ тұрғыны вакцина салдырып, миллион доллар ұтып алды

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Огайо штатының тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцина салдырып, лотереяның алғашқы жеңімпазы атанды. Оған 1 миллион доллар (430 миллион теңге) берілді, деп жазады Tengrinews.kz.

Портал мәліметінше, Цинциннати қаласына жақын орналасқан Сильвертоннан келген Эбигейл Бугенске ұтыс ойынының алғашқы жеңімпазы болды, ал Энглвудта тұратын мектеп оқушысы Джозеф Костелло болашақта түсетін оқу орнына тегін жолдама алды. Айта кетейік, екі жеңімпаз да кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталды. Лотереяға 2,7 миллионнан аса адам қатысты.

Лотерея ережесі бойынша, бір екпе алғандар да автомат түрде ұтысқа қатысушылар тізіміне енеді. Енді апта сайын 23 маусымға дейін вакцина салдырғандар арасында миллион доллар ойнатылады. Жалпы алғанда, жүлдені он адам алады: бес ересек және бес жасөспірім.



Еске салайық, Огайо губернаторы Майк Девайн лотерея туралы мамырдың ортасында жариялаған болатын. Ол лотерея коронавируспен күресу үшін федералды үкіметтің қаражатынан төленетінін айтты.