АҚШ-та Суперкубок парадында белгісіз біреулер оқ жаудырды – қаза тапқандар бар

0
448

Алдын ала мәлімет бойынша кем дегенде бір адам қаза тауып, 14 адам жарақат алды.


АҚШ-та Суперкубок парадында белгісіз біреулер оқ жаудырды – қаза тапқандар бар

ERNUR.KZ. Миссури штатының Канзас-Сити қаласындағы вокзал маңында белгісіз біреулер оқ жаудырды. Оқиға үш күн бұрын Суперкубок жеңімпазы атанған "Канзас-Сити Чифс" футбол командасының жеңіс парады кезінде болды, деп жазады sputnik.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша кем дегенде бір адам қаза тауып, тағы 14 адам жарақат алған.
Полицейлер үш адамды ұстады. Олардың айтуынша, атыс лаңкестікпен байланысты емес және оқ атуға не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Полиция мен Канзас-Сити мэрі Квинтон Лукас азаматтардан полицияға оқиғаға қатысты кез келген ақпаратты беруді сұрады.

Оқиға туралы АҚШ президенті Джо Байден хабардар болды. Қала мэрі Ақ үйден қоңырау соғылғанын айтты.