АҚШ-та дәрігерлер екінші рет шошқаның жүрегін адамға салды

0
411

Жүрегін ауыстырған соң науқас арнайы препараттар мен антиденелер ішуі керек.


АҚШ-та дәрігерлер екінші рет шошқаның жүрегін адамға салды

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Мэриленд университетінде екінші рет генетикалық түрлендірілген шошқа жүрегін адамға салды. Отадан кейін 58 жастағы Лоуренс Фосетт арнайы құрылғысыз өздігінен демала алған, деп жазады Stan.kz

DW басылымының мәліметінше бұған дейінгі жүрек-қан-тамыры ауруының кесірінен дәрігерлер адамның жүрегін салуға болмайды деген шешім шығарған.

"Соңғы үміт шошқаның жүрегінде еді. Ал қазір өмір сүруге мүмкіндігім бар", – деді ол ота алдында.

Жүрегін ауыстырған соң науқас арнайы препараттар мен антиденелер ішуі керек.

Бұған дейін осындай ота 2022 жылы жасалған еді. 57 жастағы Дэвид Беннет отадан кейін 2 ай өткен соң көз жұмған.