АҚШ-та белгісіз біреу студенттерге оқ жаудырды

0
506

Кемі үш адам қаза тауып, бірнеше студент түрлі жарақатпен ауруханаға түскен.


АҚШ-та белгісіз біреу студенттерге оқ жаудырды

ERNUR.KZ. Шұғыл жеткен полиция күдіктімен атысып, сол жерде көзін жойған, деп жазады qazaqstan.tv.

АҚШ-та тағы да тұрғындарға жаппай оқ атылды. Бұл жолы күдікті Лас-Вегастағы Невада университетінде оқ жаудырған.

Кемі үш адам қаза тауып, бірнеше студент түрлі жарақатпен ауруханаға түскен. Қылмыс түскі уақытта оқу орнына адамдар көп жинаған кезде болған.

Себебі қазір студенттер тоқсандық қорытынды емтихан тапсырып жатыр.

Оның нақты кім екені және мұндай қылмысқа не себепті барғаны әзірге белгісіз.

Бұл осы штаттағы 2017 жылдан бергі ең үлкен қанды оқиға.

Алты жыл бұрын музыкалық фестивалде жаппай атыс болып, 58 адам қаза тапқан еді.