Әйгілі француз актері Мәскеуде соққыға жығылып, жабық бас-ми жарақатын алды

0
1 181

Құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.


Әйгілі француз актері Мәскеуде соққыға жығылып, жабық бас-ми жарақатын алды

ERNUR.KZ."Такси" фильмі арқылы танымал актер Сами Насери Мәскеуде соққыға жығылды. Әртіс "Войс" клубында бауыры Ларбимен бірге демалып жатқан, деп жазады Today.kz.

Насери інісімен бірге клубқа келген басқа да адамдармен жанжалдасып қалған. Соңында қарсыласып тұрған адам актерді бетінен ұрып жіберген.

"Такси" фильмінің жұлдызы Склифосовский атындағы ғылыми зерттеу институтының жедел жәрдемін шақыртқан. Ресейлік дәрігерлер жәбірленушіге қажетті көмекті көрсеткен, Сами ауруханаға жатқызылған жоқ.

Соңғы мәліметтер бойынша, Насериге жабық бас-ми жарақаты диагнозы қойылған.

Құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Сами Насери – француз актері әрі продюсері.