9 млрд теңге ұтқан ер адам ақшаның жартысын досына берді

0
859

Ол 28 жыл бұрын берген уәдесін орындады.


9 млрд теңге ұтқан ер адам ақшаның жартысын досына берді

ERNUR.KZ. Америкада Висконсин штатының Меномоне қаласының тұрғыны 28 жыл бұрын жасалған келісімді есіне алып, өзінің үлкен лотерея ұтысының жартысын беріп, сөзіне деген адалдығын дәлелдеді, деп жазады Stan.kz.

Томас Кук лотерея билетін сатып алып, 22 миллион доллар (9 млрд теңге) тұратын джекпотты ұтты. Жеңісі туралы білгенде, ол 1992 жылы досы Джозеф Финимен (Джозеф Фини) жасаған келісімін бірден есіне алды.

Олар егер олардың бірі лотереяда джекпотты ұтса, ұтыстарды екіге бөлуге келіскен екен.


"Ол маған хабарласқанда "Мені мазақ етіп тұрсың ба?" дедім", дейді Фини жаңалықтарды естігендегі әсерімен бөлісіп.


Кук пен Фини бірнеше жыл бойы бөліп-бөліп алса, сыйлыққа толыққанды ие бола алар еді, бірақ олар барлық ақшаны бірден алғысы келгендіктен, салығын төлеген соң 5,7 миллион доллардан бөліп алған.

Куктың айтуынша, ақша оны жұмыстан кетіуне шабыт берген. Қазір зейнетке шыққан ол және досы Фини енді отбасыларымен көбірек уақыт өткізе алады.


"Біз қалаған нәрсемен айналыса аламыз. Мен зейнетке шығудың бұдан асқан ең жақсы жолын елестете алмадым", - деді Кук.