​7-қабаттан құлаған бір жасар сәби аман қалды

0
1 124

Ол облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.


​7-қабаттан құлаған бір жасар сәби аман қалды

ERNUR.KZ. Беларусьтың Могилев қаласында 2 қыркүйек күні кешкісін тұрғын үйлердің бірінің жетінші қабатынан құлап кеткен бір жасар бала аман қалды, деп жазады ҚазАқпарат.

Тергеу комитетінің Могилев облысы бойынша басқармасының ресми өкілі Оксана Соленюктің мәлімдеуінше, 17:15 шамасында сәбиімен бірге серуендеп қайтқан әйел оны диванға жатқызып, өзі асүйге кетеді. Бала сол кезде терезеден құлап кеткен.

Оқыс жағдайға куә болған көрші әйел қолма-қол жедел жәрдем шақырады.

Бала бірнеше жерінен жарақат алғанына қарамастан, аман қалған. Ол облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.