​Шымкентте жемқорлыққа қарсы мобильді топ халыққа тегін құқықтық көмек көрсетті

0
334

Түрлі мәселелер бойынша тегін консультациялар берілді.


​Шымкентте жемқорлыққа қарсы мобильді топ халыққа тегін құқықтық көмек көрсетті

ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Mega Planet» ойын-сауық орталығында халыққа заңгерлік көмек көрсету бойынша әлеуметтік акция өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың жұмысына адвокаттар, заңгерлер, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілері қатысты.

Түрлі мәселелер бойынша тегін консультациялар берілді. Тұрғындар сәулет және жер қатынастары, білім беру, тұрғын үй, жұмыспен қамту салаларындағы құқықтық мәселелерін шешуге мүмкіндік алды.

Келіп түскен шағымдар қарау және заңды шешімдерді қабылдау үшін уәкілетті органдарға жіберілді.

Іс-шара барысында сауда орталығының қонақтарына Антикормен (call-орталық 1424) кері байланыс арналары туралы түсіндірме ұйымдастырылып, пара талап еткен жағдайда не істеу керек туралы 500 брошюра таратылды.