Украина бойынша келіссөздерге есігіміз ашық – Беларусь СІМ

0
180

Бұған дейін Украина қорғаныс министрлігінің өкілі келіссөз 2025 жылдың екінші жартысынан ерте басталмайтынын мәлімдеген болатын.


Украина бойынша келіссөздерге есігіміз ашық – Беларусь СІМ

ERNUR.KZ. Беларусь өз аумағында Украина бойынша келіссөздер жүргізуге дайын, бәрі Киевтің саяси ерік-жігеріне байланысты, деп мәлімдеді Беларусь сыртқы істер министрлігінің басшысы Сергей Алейник РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында, деп жазады sputnik.kz.

"Біздің бейбіт келіссөздер үшін есігіміз ашық, олар әрқашан ашық болды және солай қала береді. Біз Беларусь жерінде бейбітшілікті қалпына келтіруге және Украинадағы қантөгісті тоқтатуға ықпал ететін келіссөздерді өткізуге әрқашан дайынбыз", - деп мәлімдеді Алейник.

Алайда ол "бәрі саяси ерік-жігерге байланысты" екенін атап өтті.

"Әрине, біз Украина басшылығының саяси ерік-жігеріне үміт артамыз. Бүгінде Украина халқы бейбітшілікті қалпына келтіруді және қайғы-қасірет көруді тоқтатуды көбірек қалайтынын көріп отырмыз. Алайда бәрі саясаткерлердің қолында", - деп түйіндеді Беларусь министрі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Украина қорғаныс министрлігінің өкілі келіссөз 2025 жылдың екінші жартысынан ерте басталмайтынын мәлімдеген болатын.