Шошқаның бүйрегін салған алғашқы адам трансплантациядан кейін екі айдан соң көз жұмды

0
331

Шошқаның генетикалық түрлендірілген бүйрегін алған алғашқы адам трансплантациядан екі ай өткен соң қайтыс болды.


Шошқаның бүйрегін салған алғашқы адам трансплантациядан кейін екі айдан соң көз жұмды

ERNUR.KZ. Марқұмға ота жасаған аурухана оның өліміне трансплантация себеп болмағанын айтты, деп жазады Stan.kz



Ричард Слейман 62 жасында наурыз айында Массачусетс штатының госпиталінде трансплантациядан өтті. Хирургтар, шошқаның бүйрегі кем дегенде екі жыл өмір сүруге мүмкіндік беретінін айтқан еді.

Фото: Guardian

Массачусетс жалпы ауруханасының трансплантациялау тобы марқұмның отбасына көңіл айтты.

Слейман шошқаның бүйрегін ауыстыру операциясынан өткен алғашқы тірі адам болды.

Бұған дейін тәжірибе ретінде шошқа бүйрегі миы өлген реципиенттерге уақытша трансплантацияланған болатын. Екі ер адамға шошқадан жүрек трансплантациясы жасалды, бірақ екеуі де бір ай ішінде қайтыс болды.